• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 170 жобаны мақұлдау жоспарлануда

Жамбыл облысында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 170 жобаны мақұлдау жоспарлануда

9 Сәуір, 2016 11:32
Жамбыл облысында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 170 жобаны мақұлдау жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үрпеков Самат Қалиұлы айтты.

«2016 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының барлық құралдары аясында 170 жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Атап айтқанда:     «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша – 100 жоба. «Банк кредиттары бойынша кепілдік беру» құралы бойынша – 50 жоба. «Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша – 10 жоба. Мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша – 10 жоба»,- деді спикер

Самат Қалиұлының сөзіне сенсек, бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асуы, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен серпіліс беріп отыр. Бағдарламаны іске асыру үшін 2016 жылға Республикалық бюджеттен 2856,8 млн. теңге қарастырылған.

Бағдарламаның жүзеге асырылуынан бастап (2010 жылдан бері) барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 55,7 млрд. теңгені құрайтын 573 жоба іске асырылды.   «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша           2016 ж – жалпы несие сомасы 1.7 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба «Банк кредиттары бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы кепілдік сомасы 1958,6 млн. теңгені құрайтын 149 жоба жүзеге асырылып жатыр.

2016 ж. – жалпы кепілдік соммасы 98,5 млн. теңгені құрайтын 8 жоба. «Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 9,2 млрд. теңгені құрайтын 64 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда. 2016 ж. – жалпы соммасы 36,5 млн. теңгені құрайтын 1 жоба. Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну қарастырылып отыр.

Бүгінгі таңда жоғары аталған құрал бойынша аймақтық үйлестіру кеңестің шешімімен қаржыландыруға жалпы сомасы 63,0 млн. теңгені құрайтын 22 кәсіпкердің жобалары мақұлданған болатын. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен «БЖК 2020» бағдарламасының гранттық қаржыландыруға конкурсттық хабарлама жарияланды.

    

Барлық жаңалықтар