- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында жыл басынан бері «Даму» қорымен БЖК 2020 аясында 37 жоба мақұлданған
Жамбыл облысында жыл басынан бері «Даму» қорымен БЖК 2020 аясында 37 жоба мақұлданған
Спикердің айтуынша, 2014 жылдың соңына, пайыздық үстемені ішінара Субсидиялау тетігі бойынша, Жамбыл облысы 122 жобамен 7 орында болатын, 2015 жылдың нәтижесі бойынша соммасы 18,19 млн. теңге құрайтын 140 жобамен, Республика бойынша барлық облыстардың ішінде ең үздік көрсеткішпен, Қарағанды облысымен бірге 1 орынға шықты.
Жалпы, қол қойылған субсидиялау шарттарының көлемінің динамикасына сәйкес, 2015 жыл ең жемісті болды, айталық 2012 жылы 83 шарттқа қол қойылса 2013 жылы 81-не, 2014 жылы 122-не ал 2015 жылы 140 жоба мақұлданды. Кепілдендіру тетігі бойынша Филиал 2013 жылы 37 жобамен 3 орында орналасты. Ал 2015 жылы Филиал 782 млн. теңгені құрайтын 76 жобаны мақұлдап, Бағдарлама басталғалы мақұлданған жобалар көлемі бойынша, аймақтар рейтінгінде 137 жобамен 2 орынға көтерілдік.
Қол қойылған Кепілдендіру шарттарының көлемінің динамикасы бойынша, 2015 жылы, алдыңғы жылдары мақұлданған жобалар санын бірге қосқаннан көп болып шықты. Айталық, 2012 жылы тек 1 жоба, 2013 жылы 23 жоба, 2014 жылы 37 жоба және 2015 жылы Кепілдендіру тетігі бойынша 76 жоба мақұлданды. Жыл басынан бері «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы аясында 37 жоба мақұлданды. Жамбыл облысы бойынша 37 жоба субсидияланса, оның ішінде 9 кепілдендіру тетігі бойынша.
«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары мектебі базасында «Бізнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шетелдік оқыту орталықтарын тартумен табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқарудағы машықтарды дамыту мен стратегиялық және тактикалық бизнес міндеттерді шешуге бағытталған. Оған қоса, ШОБ субъектілерінің мәселелерін кешенді шешу мақсатыдна 2016 жылдың 26 наурызында, Тараз қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда кәсіпкерлерге және кәсіпке ынтасы бар қала тұрғындарына бизнесті ашу әрі жүргізуге біріңғай кеңестер беріледі»,- деп айтты Ж.Есжанов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді