• Басты
  • Жаңалықтар
  • 18 елдің көшбасшысы Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жобасын қолдайды

18 елдің көшбасшысы Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жобасын қолдайды

8 Сәуір, 2016 12:17
Вашингтонта өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде Қазақстанның төмен байытылған уран банкін құру жобасын 18 мемлекет қолдады. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрлігінің ядролық және энергетикалық қадағалау комитеті басшысының орынбасары Тимур Жантикин мәлім етті.

«Негізі, саммитте Қазақстанның осы саладағы ерен еңбегі барынша сезілді. Өйткені біз үнемі жұмыс жүргізіп келеміз. Саяси шешімдердің де маңызы зор. Сол себепті осы жолы еліміздің ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық жоспарын жақсы қабылдады. Бұдан бөлек, Қазақстан төмен байытылған уран банкін өз жерінде орналастыру туралы мәлімдеме жасады. Бізді 18 мемлекет қолады. Олардың ішінде АҚШ сияқты жетекші елдер бар», - дейді Т.Жантикин. 

Айта кетейік, Қазақстанда МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін құру жоспарланып отыр. Аталған жобаның жетекшісі Терри Вудтың айтуынша, уран банкі барынша қауіпсіз болады. «МАГАТЭ неліктен Қазақстанды таңдады деген сауалға келер болсақ, ең біріншіден, Қазақстан өз аумағында МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы ұсыныс жасады. Екіншіден, сіздердің елдеріңізде ядролық материалдарды қауіпсіз сақтауда тәжірибе бар.

Үлбі металлургиялық зауыты 60 жылдық тәжірибеге ие. Бұған қоса, сіздерде МАГАТЭ банкін орналастыруға қажетті барлық инфрақұрылым бар. Қазақстан төмен байытылған уранды сақтауға қажетті барлық қажетті жағдайға ие», - дейді ол. Уран банкін құру үшін кем дегенде екі жыл қажет. 

 

Барлық жаңалықтар