• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың бірінші тоқсанында ҰОС ардагерлеріне 540 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді

2016 жылдың бірінші тоқсанында ҰОС ардагерлеріне 540 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді

8 Сәуір, 2016 12:06
Осы жылдың 3 айы ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау ретінде 540 млн теңге материалдық көмек көрсету және ҰОС Жеңісінің 71 жылдығына қосымша 2,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақордада журналистерге берген сұхбатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығын мерекелеуге арналған жиын өтті.

«Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметі өзінің әлеуметтік міндеттерін барынша орындауда. Зейнетақы мен жәрдемақының көбеюі. Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының қатысушылары зейнетақы мен жәрдемақы есебімен орташа есеппен 106 мың  теңге ай сайын алып отыр», - деді Т.Дүйсенова.

Медициналық көмекке келетін болсақ, министрдің айтуынша, ҰОС-тың 15 мың қатысушысы  тегін дәріге қол жеткізіп отыр. Оларға емделу кезінде де жеңілдіктер көрсетіліп отыр. Медициналық көмек бойынша бүгінде 3300 ҰОС қатысушысы тексерістен өтті. 15 мың соғысқа қатысушы емедліп, тегін дәріге ие болуда. 700 адам денсаулығына байланысты санаторийде ем қабылдады.

«Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар 3 ай ішінде 540 млн теңгені  аталмыш азаматтарға материалдық көмек ретінде жіберді. Оның 141 млн теңгесі коммуналдық төлемге жұмсалса, 320 млн теңгесі – біркездік қолдауға жөнелтілді. Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, ҰОС Жеңісі мерекесі қарсаңында қосымша тағы 2,6 млрд теңге бөлінді», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар