• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ядролық қауіпсіздік Саммитінің қорытындысы бойынша 13 мемлекет жоғары байытылған ураннан босатылды

Ядролық қауіпсіздік Саммитінің қорытындысы бойынша 13 мемлекет жоғары байытылған ураннан босатылды

8 Сәуір, 2016 12:01
Ядролық қауіпсіздік Саммитінің қорытындысы бойынша 13 мемлекет жоғары байытылған ураннан босатылды, деді ОКҚ-да ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

«Егер Саммиттер үрдісі туралы айтатын болсақ, тәжірибелік жұмыстар бойынша 50 елдің көшбасшыларының жұмысы қорытындысы  бойынша 3 мың тонна метрикалық жоғары байытылған уран  қоймаға жөнелтілді. 13 ел жоғары байытылған ураннан босталды», - деді ол.

Е.Ашықбаев атап өткендей, олардың аймақтарында сақталған барлық уран шығарылып, 32 қоймада физикалық қорғаныс күшейтілді. 328 халықаралық  өткізу пункті радиациялық бақылаумен жаьдықталды.

Е.Ашықбаевтың мәліметінше, Қазақстан бұл қорытындыға жетуге белсенді атсалысты.

Айта кетейік, 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік бойынша төртінші Саммит өтті.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар