ШҚО-да мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша 11 балабақша салынады

19 Қараша, 2013 16:30
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша Шығыс Қазақстан облысында 11 балабақша салынады, деп ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлады.

«Өскеменде 6 және Семейде 5 балабақша пайда болады. Ол мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша жүзеге асырылып отыр», - делінген хабарламада.

Балабақша кешендерінің жүзеге асыру жобалары 2 қалада мемлекеттік сараптау бойынша жүргізілуде. Оған қоса денсаулық сақтау саласы да қарастырылып отыр: Өскеменде 300 адамдық көпсалалы аурухананың салынуы мен Семейде 200 адамдық балалар ауруханасының ашылуы.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының директоры Әлия Масағованың айтуынша, бүгінгі таңда барлық жобалардың инвесторлары бар. Сондай-ақ, орталық «Даму» қоры мен 2 дәрежелі банктермен тығыз қарым-қатынаста.

Барлық жаңалықтар