• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕО Қазақстан Республикасында қылмыстық сот төрелігін жетілдіру үшін 5,5 млн евро жолдады (ФОТО)

ЕО Қазақстан Республикасында қылмыстық сот төрелігін жетілдіру үшін 5,5 млн евро жолдады (ФОТО)

8 Сәуір, 2016 11:54
Астанада Еуропалық одақтың «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы таныстырылды, оның құны 5,5 млн евроны құрайды.

«Аталмыш жобаның технологиясы Еуропалық одақтың қолдауымен іске асырылады. Бұл жоба барлық қылмыстық сот төрелігін жетілдіру бойынша диалогқа барлық құқық қорғау органдарына тартуға жұмылдырылған. Негізінде, бұл жоба отандық қылмыстық сот төрелігі жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жаңа қылмыстық кодекске енгізілген жаңа институттардың  жұмыс жасауы үшін арналған. Мысалы, осындай институттардың бірі бас бостандығынан айырмайтын пробация қызметі және баламалы айыппұлдар болып келеді. Бұл жоба қызметкерлерді жазалау барысында дұрыс, альтернативті шешім қабылдауға көмектеседі және қылмыстың қайталануына жол бермеуге үйретеді. Жобада осы сынды компоненттер көп, яғни жобаның негізгі мақсаты - қазіргі заманғы қылмыстық сот төрелігінің жүйесінің тиімді болуға, аз құнды болуына және осыған орай қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған»,-деп Еуропалық одақтың «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының ұлттық сарапшысы Сәуле Мектепбаева айтты.

Оның айтуы бойынша, Еуропалық одақ осы жобаны іске асыру үшін 5,5 млн евро жолдады.  

«Үш жыл ішінде осы қаражатты қолданатын болады, оған қоса халықаралық сарапшыларды тарту үшін де жұмсалады, өйткені бұл жоба Ұлыбританияның, Нидерланды мен Польшаның үш түрлі ұйымдарымен іске асырылуда және көптеген халықаралық сарапшылар осы елдерден келеді деп болжамданады. Сонымен қатар, басқа да сарапшылар келеді деп ойлаймыз»,-деді ол.

Осыған орай, сарапшы қаражаттың бақа да мақсатттарға жұмсалатындығын айтып өтті. Олар: сараптама, академиялық зерттеулер, статистикалық  қылмыстық құқық жүйесін жетілдіру, потенциалды жүйе қызметкерлерінің оқуына, сынақ офицерлерін даярлау мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

Анар Тәңірқұлова

Фото: Азамат Алиев

 

Барлық жаңалықтар