- Басты
- Жаңалықтар
- 11 сәуірде Қазақстан Президенті ресми сапармен Иранға барады
11 сәуірде Қазақстан Президенті ресми сапармен Иранға барады
Қазақстан Президенті 11 – 15 сәуір аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады.
Атап айтқанда, 11 – 12 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Президент Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына барады. Екі мемлекет басшылары Х.Руханидің 2014 жылы қыркүйекте Астанаға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп жоспарлануда. Сонымен қатар, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл жайы қарастырылады.
13 – 14 сәуірде Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түркия Республикасына барады. Саммиттің негізгі тақырыбы – «Бірлік пен ынтымақ әділдік пен бейбітшілік үшін». Сапар барысында Мемлекет басшысының Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында Астана мен Анкара ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланатын болады. Сонымен қатар, саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізу, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу көзделуде.
15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына барып, Президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылайды деп жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру