- Басты
- Жаңалықтар
- ҰОС Жеңісінің 71 жылдығын мерекелеу ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ұранымен өтеді
ҰОС Жеңісінің 71 жылдығын мерекелеу ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ұранымен өтеді
«Қазіргі кезде елімізде 3886 соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедектері, 22 867 соғысқа қатысушыларға теңестірілген азаматтар бар. Оларға жыл сайын құрмет көрсетіледі. Осыған орай біз бүгін мемлекеттік органдардың қандай шаралар әзірлеп жатқандығын тыңдайтын боламыз», - деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы өткізілетін барлық іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтуі қажеттігі және еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысының саясаты аясында қоғамды біріктіруге, жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайтуға бағытталуы керек екендігін ерекше атап өтті.
«ҚР ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев атап өткендей, ардагерлер жастарды тәрбиелеуге белсенді атсалысады. Сондай-ақ, ол журнаслитерге ардагерлерге көрсетіліп жатқан көмек туралы айтып өтті.
«Қазір біз үлкен мереке – Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында тұрымз. Өткен жылы қазақстандықтар 70 жылдық мерей тойды кеңінен тойлап өтті. Қазір біздің борышымыз ардагерлерге құрмет пен көмек көрсету. Өткен жылы ауқымды жұмыс басталды. Көптеген ардагерлер пәтерге ие болды. Алматыоблысы бойынша 73 пәтер берілді, Маңғыстау облысында – 60 пәтер үлестірілді. Пәтермен қоса, оның жөндеу жұмыстары да жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш бойынша ОҚО – 300 пәтерді жөндеп көш бастады. Екінші орында ШҚО», - деді ол.
Айта кетерлігі, 2016 жылы жергілікті бюджетте ардагерлерге материалдық көмек көрсету үшін 2,6 млрд теңге бөлінді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар