ИИДМБ: ШҚО-да 476,5 млрд. теңге болатын 5 ірі инвестжоба жүзеге асуда

8 Сәуір, 2016 18:04
ШҚО-да экспорттық әлеуетті арттыру бағытында 5 ірі жоба жүзеге асуда. 5 жобаның жалпы құны 476,5 млрд. теңге. Жалпы аймақта ИИДМБ аясында 225,7 млрд тенгенің 48 жобасы жүзеге асты, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

«ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, біз өнім аз беретін жобалардан бас тартуымыз керек.  Біз мол табыс кіргізетін және тиімді жобалармен жұмыс істеуіміз керек»,-деп атап өтті облыс әкімі Даниял Ахметов.

Шығыс Қазақстанда ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Айталық, Жарма ауданындағы Бақыршық ГОК тау-кен қазба кәсіпорынының құрылысы, Бесқарағай ауданындағы кобальт-никель өнімін алу зауытының құрылысы және Зырян ауданындағы Тұрғысын гидроэлектростанция каскадының құрылысы бар.

Барлық жаңалықтар