Астанада Қазақстанның әскери кадрларын даярлау мәселелері талқыланды

8 Сәуір, 2016 10:53
Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары» атты конференция өткізді, оның аясында сарапшылар әскери кадрларды даярлау және жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін талқылады.

«Конференция барысында біздің еліміздегі әскери қауіпсіздік жағдайын талқылады, оның негізгі ядросы – мемлекеттің әскери ұйымдастырушылығы. Екі панельді сессия аясында мамандардың, қазіргі және бұрынғы әскери қызметшілердің, әскери ғалымдардың, түрлі проблемалар бойынша сарапшылардың сөз сөйлеуі жоспарланған. Бұл Қарулы күштерді дайындау мен құру және басқа да әскерлерді құру проблемалары. Әсери кадрларды даярлау проблемасы, әскери-техникалық жабдықтар, әскери-өнеркәсіптік кешендер»,-деп Алматы қ. ҚСЗИ өкілдігінің бас ғылыми қызметкері Георгий Дубовцев журналистерге айтты.

Диалогқа қатысушылар әскери қауіпсіздік саласында жаңа идеяны іске асыру қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күрес тиімділігін арттырады деп атап өтті. Сарапшылардың ойынша, Қазақстанда Қарулы күштерге үлкен жаңғырту жұмыстары атқарылуда, әскери кадрларды даярлау үшін жаңа бағыттарды енгізуде.

«Бүгінгі конференция біздер үшін өзекті мәселелерді талқыға салатын жақсы мүмкіндік. Қазір әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар қатары түрлі жақтан кешенді зерттеулік талдауды талап етеді және әрине, оған жауапты да талап етеді: өз Отанымыздың қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайту үшін не істеуіміз керек деген сынды сұрақтар пайда болады»,-деді Ерлан Карин.

Айта кетейік, конференция жұмысына әскери ғылым саласында атақты сарапшылар және «ми орталықтарының» жетекші сарапшылар қатысты. 

Барлық жаңалықтар