• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кәсіби мемлекететтік аппарат ҚР-дағы саяси жүйенің негізгі тұрақтандыру факторына айналады – Ғ.Абдрахимов

Кәсіби мемлекететтік аппарат ҚР-дағы саяси жүйенің негізгі тұрақтандыру факторына айналады – Ғ.Абдрахимов

19 Қараша, 2013 16:16
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Абдрахимов мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу туралы айтты.

«А» корпусы мемлекеттік қызметкерлері туралы заңға сай – іріктеуден өту байқауының және мемлекеттік қызметті тоқтатудың ерекше тәртібімен басқару деңгейі әкімшілік және мемлекеттік лауазымдар. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсеткендей, кәсіби мемлекеттік аппарат саяси жүйенің негізгі тұрақтандыру факторы болып табылады. Саяси партиялар өздерінің саяси бағдарламаларын жайып және жүзеге асыра бастаған кезде дәл осы мемлекеттік аппарат елдің саяси жүйесін оқыс толқудан сақтап қалады», - деді Ғ.Абдрахимов.

Оның айтуынша, Қазақстанда «А» корпусы ел Президентінің саясатын іске асырудың және тиімді мемлекет құруда бас механизмге айналуы керек.

Ғабидолла Абдрахимов «А» корпусына іріктеу нәтижелері жайлы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен қатар, «А» корпусына іріктеу байқауына қатысу үшін 2024 өтініш келіп түскен. Біліктілік талаптарына сай тестілеуге 1851 үміткер өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша сұхбаттасуға 1122 азамат өтті.

«Ақырында «А» корпусының 540 лауазымының резервіне 940 адам қабылданды. Қазіргі таңда «А» корпусы 30 пайызға жаңартылған және жинақталған. Кей орындарға мемлекеттік емес сектор қызметкерлері де өтініш берді», - деді Ғ.Абдрахимов.

Осылайша қоғамдық өмір мен экономиканың түрлі салаларынан дарынды және табысты басқарушыларға «әлеуметтік баспалдақ» құрылды.

Айта кету керек, «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлеріне 4 жылға еңбек шарты жасалды. Және олар мұны тағы 4 жылға шегертуге құқылы.

Сонымен қатар, әр жылдың соңында «А» корпусы қызметкерлері атқарған қызметтері туралы есепке тартылады.

Барлық жаңалықтар