• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда «C5 +1» диалогы аясында климаттың өзгеруі және қауіпсіздігі туралы жұмыс тобының отырысы өтті

Алматыда «C5 +1» диалогы аясында климаттың өзгеруі және қауіпсіздігі туралы жұмыс тобының отырысы өтті

8 Сәуір, 2016 12:43
Алматыда қазақстандық делегация ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Әшікбаевтың басшылығымен «C5 + 1» көпжақты консультациялық формат аясында «Қоршаған орта және климаттың өзгеруі» және «Қауіпсіздік» атты жұмыс тобының екі отырысына қатысты, деп ҚР СІМ хабарлайды.

«C5 + 1» платформасын іске қосу шешімі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және АҚШ сыртқы саясат ведомстволар басшылығының отырыс қорытындысында қабылданды, ол 2015 жылдың 1 қараша айында Самарқант қаласында өтті.

«Аталмыш платформа аясында жұмыс үш жұмыс тобы форматында жүргізіледі: «Экономика және аймақтық байланыс», «Қоршаған орта және климаттың өзгеруі» және «Қауіпсіздік», олардың құрамына сыртқы саясат ведомстволарының, тиісті мемлекеттік органдар мен қатысушы мемлекеттердің аналитикалық құрылымдар  өкілдері кірді»,-деп хабарламада айтылған.

Бішкек қ. 4 сәуірде «C5 + 1» жұмыс тобының аясында кездесу өтті – «Экономика және аймақтық байланыс». Шара аясында ішкі өңірлік сауданы насихаттау, транзиттік-көліктік әлеуетті арттыру, сонымен қатар бизнес-климатты жақсарту мен Орталық Азияда іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Алматы қаласындағы «Қоршаған орта және климаттың өзгеруі» отырыс тобы соңғы кездері климатта өзгеріс тауып жатқан бейімделу саласында,  биологиялық түрлілікті сақтау, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, сонынмен қатар аймақта бар жаңартылатын энергетика саласындағы әлеуетін іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін берді.

«Қауіпсіздік» жұмыс тобының күн тәртібінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру, экстремистік идеологияның таралуын алдын алу, сондай-ақ «С5+1» елдерінің күш-жігерін аталмыш бағыт бойынша біріктіру мәселелері атап өтілді.

«C5 + 1» елдері делегациясының  талқылау барысында жұмыс топтарының тиісті салаларда өзара тиімді жобаларды бірлесіп дамытуға баса назар аударылды. «C5 + 1» елдер форматының мақұлданған жобалар тізімі Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысында қаралатын болады. Ол ағымдағы жылдың ортасында Вашингтон қаласында өткізіледі деп жоспарлануда. 

Барлық жаңалықтар