- Басты
- Жаңалықтар
- Кадет корпусына түсу үшін ҰБТ өтпелі балы – 30 балды құрайды
Кадет корпусына түсу үшін ҰБТ өтпелі балы – 30 балды құрайды
Еліміздің барлық әскери оқу орындарында оқуға түсу кезіндегі талаптар өзгертілген.
«Кадет корпусына түсу кезінде ҰБТ-ның ұпайы ескеріледі. Бірақ, жоғары оқу орындарымен салыстырғанда оның өтпелі ұпайы төмен. Бұл ҰБТ-да 50-ден төмен балл жинаған бозбалалар медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтерді, психологиялық тестілеуді ойдағыдай тапсырса Кадет корпусына түсуге мүмкіндік алады. Нәтижесінде мамандық алып шығып, сәйкесінше Кадет корпусын тәмамдағаннан кейін 100 пайыз жұмысқа орналастырылады. Кадет корпусына түсу үшін өтпелі балл – 30 балды құрайды. Бұл барлығын қабылдаймыз деген сөз емес. Оқуға түсушінің денсаулығында кінәрат болмауы, моральдық және психологиялық тұрғыда тұрақты, әскери болуға бекінуі тиіс. Сол кезде оның Кадет корпусына түсуге барлық мүмкіндігі болады», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Түлембаева.
Арнайы тексеруден өткен, оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамды, аттестаттағы орташа балл 3,5-тен кем болмаса, кәсіби-психологиялық тестілеу және комиссияның дене даярлығы бойынша нормативтерін тапсыратынын айта кетейік. Қабылдау кезінде олар Кадет корпусының аумағында орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етіледі.
Оқуды аяқтағаннан кейін кадеттер «Әскери басқарудың кіші маманы (менеджер)» біліктілігі, сондай-ақ «3-сыныпты ЖӘЖМ-нің механик-жүргізушісі» және «В», «С» санаттағы автомобиль жүргізушісі куәлігі беріле отырып, «Әскери басқару» мамандығы бойынша диплом алатынын естеріңізге сала кетейік.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды