- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 10 денсаулық нысаны МЖС аясында салынбақ
ОҚО-да 10 денсаулық нысаны МЖС аясында салынбақ
«Нәтижесінде облыс халқының саны 6%-ға, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 3%-ға өскен. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев мәлімдеді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар басқарма басшысы өз баяндамасында биылғы жылы бекітілген «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында ауруды ықпалдастыра басқаруды енгізу, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және алғашқы деңгейде медициналық көмек көрсету көзделгенін атап өтті. Ал медициналық көмекті ықпалдастыру ұстанымы негізінде облыста (регионализация) жол картасы жасалалынып отыр. Онда 6 бағытқа басымдық беріліп отыр. Олар ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті инфаркт миокарды, жіті ми қанайналымы, қатерлі ісік, түрлі оқиғалар (жол апаты, улану, т.б.), туберкулез.
Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай өңірде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл Шымкент қаласындағы облыстық онкологиялық және туберкулезге қарсы диспансер, №9,11 Шымкент қалалық емханалары мен Мақтааралдағы аудандық емхана және басқа да денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүрмек.
Брифингті қорытындылаған басқарма басшысы С.Пакеев медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүйелі шаралар жүзеге асырылатын айтты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды