ШҚО-да 10 мың гекатардан астам жер мемлекеттік қорға тапсырылды

8 Сәуір, 2016 09:48
ШҚО-да нарықтық айналымға ауыл шаруашылығы маңызындағы қолданылмайтын жерлер берілді. Құнарлықтардың тізімі жүргізіліп, аукционға шығарылатын учаскелер белгілі болды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Шығыс Қазақстанда тіркеудің қорытындысы бойынша 984,3 мың га қолданылмайтын ауыл шаруашылық жері анықталды.

Аукциондардағы сатылым үшін облыс бойынша 434 жер учаскесі әзірленді, оның көлемі 158 мың га, байқау арқылы 201 мың га 532 учаскені ұсыну жоспарланған.

Айта кетерлігі, мемлекеттік меншікке 10,2 мың га қолданылмайтын жер берілді. 28 мың га жерді маусым айындағы облыстық инвестициялық форумда қолдану жоспарланып отыр.

 

Барлық жаңалықтар