• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі мемаппарт жұмысындағы жүйелік проблемаларды жоюға бағытталған – Ғ. Абдрахимов

Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі мемаппарт жұмысындағы жүйелік проблемаларды жоюға бағытталған – Ғ. Абдрахимов

19 Қараша, 2013 16:07
Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі мемаппарт жұмысындағы жүйелік проблемаларды жоюға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ғабидолла Абдрахимов мәлімдеді.

« «Қазақстан-2050» Стратегиясында» Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру үшін жаңа үлгілерді қолдануды жүктеген болатын. Халықаралық тәжірибені қодана отырып, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі енгізілді. Ол мемаппарат жүйесіндегі олқылықтарды жоюға бағытталған», - деді Ғ. Абдрахимов.

Оның айтуынша, аталмыш реформа Мемлекет басшысы 90 жылдардың ортасында бастаған реформалардың жалғасы.

Мемлекеттік қызметтегі ең негізгі жетістік ретінде командалық көші-қонның қысқартылғанын  айтуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік және әкімшілік қызметке талаптың күшеюі.

Барлық жаңалықтар