- Басты
- Жаңалықтар
- Абайдың қорық-мұражайы бүлдіршіндер арасындағы бірінші байқау ұйымдастырды (ФОТО)
Абайдың қорық-мұражайы бүлдіршіндер арасындағы бірінші байқау ұйымдастырды (ФОТО)
Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлендерін жас бүлдіршіндер арасында насихаттау және нақышына келтіріп айтуға үйрету.
Байқауға қаламыздағы «Айналайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиеленушілері қатысты. Әрбір өнерпаз бала Абайдың он-он екі өленін жатқа айтты.
Бұл байқауда «Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің оқушылары Абайдың өлеңдерін оқып, «Бес асыл» шағын орталығының бүлдіршіндері өздері дайындап әкелген «Бес асыл іс...» көрінісін, «Айналайын» шағын орталығының бүлдіршіндері Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» және қазақ биі «Қамажайды» бұралтып, өзара бәсекеге түсті.
Өнер сайысының қорытындысы бойынша I-ші орынды «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиеленушісі А.Болатов, II-ші орынды «Айналайын» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушілері Ә. Әсетұлы, А.Қыдырханова ал III-ші орынды Ш.Айдынқызы, А.Берікова, А.Искакова, А.Оспанов иеленді. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Бүлдіршіндерді байқауға дайындағаны үшін «Айналайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтың басшыларына, тәрбиешілеріне арнайы алғыс хаттар тапсырылды.
«Әсемпаз болма әрнеге» байқауына Семейдің зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, студенттер, тәрбиешілер, ұстаздар келіп қатысты. Абай мұражайында «Әсемпаз болма әрнеге» байқауын жыл сайын өткізу дәстүрге айналмақ.
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік