- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да құны 35 млрд. теңгеден асатын мүлік жария етілген
ОҚО-да құны 35 млрд. теңгеден асатын мүлік жария етілген
Жиында баяндама жасаған Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбетәлиев, бүгінде облыста мүлікті жария ету үшін құны 48 млрд. 867 млн.теңгені құрайтын 5220 өтініштер келіп түскенін, олардың 35 млрд. 915 млн.теңгені құрайтын 4041 өтініштер қанағаттандырылып, мүліктер заңдастырылғанын айтты.
Ал құжаттары толық болмаған құны 8 млрд. 894 млн.теңгені құрайтын 726 өтініштер толықтыру үшін кері қайтарылғандығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, облыс бойынша түрлі ұлт диаспора өкілдерінің қатысумен өткен кездесулер мен түсіндіру жұмыстардың нәтижесінде 10 азамат 6,5 млн.теңгені құрайтын шет мемлекеттердегі мүлкін және 41 азамат 6 млрд. теңге ақша қаражаттарын жария еткенін атап өтті.
«Заңда ақшаны жария етудің рәсімдері түбегейлі оңтайландырылған. Енді оны екі тәсілмен заңдастыруға болады. Нақтырақ айтқанда, ақшаны банк шотына салу (аудару) кезінде 10 пайыз жария ету алымын төлемейді және банк шотында тұрған ақша қаражатын кез-келген мақсатқа жұмсауға болады. Бұл жеңілдік әсіресе бизнес өкілдеріне өте қолайлы, себебі жария етілген қаржыларын өз қалауынша пайдалана алады. Сондай-ақ, бүгінгі күнге, банк шотында ақша қаражаты міндетті түрде 5 жыл сақтау шектеуі алынып тасталған», -деді А.Үмбетәлиев.
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты