• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт жоспарындағы «Энергия үнемдеу саласында инвесторларды тартудың» 59 қадамы аясында 32 нормативтік құқықтық актілер әзірленген

Ұлт жоспарындағы «Энергия үнемдеу саласында инвесторларды тартудың» 59 қадамы аясында 32 нормативтік құқықтық актілер әзірленген

7 Сәуір, 2016 19:07
Ұлт жоспары «100 нақты қаадмның» «Энергия сервситік келісімшарт арқылы энергия үнемдеу саласында инвесторларды тартудың» 59 қадамы аясында 32 нормативтік құқықтық актілер әзірлеген. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыруға бағытталған халықаралық конференция барысында айтты.

«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында бізде 59-шы қадам бар – бұл энергия сервситік келісімшарт арқылы энергия үнемдеу саласында инвесторларды тарту. Өткен жылы заңнамалық жұмыс өткізілді, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жасалды, сондай-ақ айқындалған қызметтерімен құзыреті орталық институты жасалды»,-деді ол.

Сонымен қатар, ведосмство басшылығы айтып өткендей, 32 нормативтік құқықтық актілер әзірлеген және нормативті құқықтық алаң дайын деп айта аламыз.

«Біз жобаны іске асыруды бастағымыз келеді. Бұл реформаның мағынасы оңай – егер инвестор өз қаражатын нақты мектепке салса, онда өз жинақ есебін экономика тарапынан қайтарып алады.

«Яғни, бұл мектеп жанармай мен жарыққа 2-3 есе аз төлейтін болады, яғни жеке меншік секторы жеңеді»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар