• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоршаған орта және су ресурстары министрі Степногорск қаласы тұрғындарына «Қазақстан-2050» Стратегиясының» негізгі мазмұнын түсіндірді

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Степногорск қаласы тұрғындарына «Қазақстан-2050» Стратегиясының» негізгі мазмұнын түсіндірді

19 Қараша, 2013 15:59
Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнын түсіндіру және насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобының жетекшісі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Степногорск қаласындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

«Министр қаладағы «Арыстан» труба зауытын аралады. Кәсіпорын ауызсу және газ трубаларын, кәріз жүйелеріне арналған гофрленген трубалар шығарумен айналысады. Бұл жердің өнеркәсібінің  қуаттылығы жылына 20 000 тоннаға дейін жетеді. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 35 000-ға өспек. «Қазақстанның үздік тауарлары 2013» аймақтық байқау-көрмесінде компания «Техникалық бағыттағы тауар өндірісі» номинациясы бойынша бірінші орын алды», - делінген хабарламада.

Н.Қаппаров Степногорск мойынтірек (подшипник) зауытында да болды. Жолаушылар және жүк вагондарына, тепловоз бен электровоздарға арналған темір жол мойынтіректерін шығаратын өндіріс орнының қуаттылығы жылына 2,1 млн данаға жетеді.

Зауыт қызметкерлерімен кездесуде министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі мазмұнды жеткізіп, сонымен қатар ведомство тарапынан экологиялық жәселелерді шешу мақсатында қабылданып жатқан шешімдер туралы әңгімеледі. Министрдің айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясында» елдің ұзақ мерзімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуының негізгі бағыттары анықталған және Жолдауда айтылған басым мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу – қазақстандықтардың азаматтық борышы.

Барлық жаңалықтар