ШҚО-да ет өңдейтін кешеннің жаңа буыны іске қосылатын болады

7 Сәуір, 2016 17:38
ШҚО-да ет өңдейтін кешеннің жаңа буыны іске қосылатын болады. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметіндегі баспасөз конференциясында облыс әкімі Даниял Ахметов хабарлады.

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 61-ші қадамын жүзеге асыру аясында ШҚО-да етті сиыр тұқымын көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, сиырлардың тұқымын түрлендіріп, бордақылау алаңдарының құрылысы жүруде. Осылайша, экономикалық өсімді арттыратын бірақатар жобалар жүзеге аса бастаған.

Аймақ басшысы әсіресе етті малдарға ерекше көңіл бөліп отыр. Оның айтуынша, басты мәселе – мал шаруашылығы өнімдерінің импортын қысқарту.

Аймақта ұзақмерзімді етті мал шаруашылығын дамыту үшін бірқатар шаралар қолданылуда. Мал басын көбейіп келеді, мал бордақылау алаңдары салынып жатар, мал азығының базасы нығайтылып, мал дәрігерлік саласы да тиісті деңгейде қаматамасыз етілуде.

Экономикалық өсімді арттыруға зор үлес қосатын аграрлық сектор сияқты бірқатар жобалардан үлкен үміт бар. Көкпекті ауданында үш мың бас ірі қараны бордақылайтын алаң мен ет өңдейтін кешен бірінші кезекте кіріс кіргізетін болады. Бұлар биыл пайдалануға беріледі. Кәсіпорынның жылына 6 мың тонна сиыр етін өндіретін қуатта жұмыс істейді деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Аякөз ауданында жылына қуаты 11,5 мың тонна етке жететін мал сою цехы мен 50 мың бас қой мен мың бас ірі қара жемдейтін бордақылау алаңын іске қосу үшін «Еурази холдинг» компаниясымен несиелік келісім шартқа қол қойылды.

Үшінші жобаны іске қосу 2018-ші жылға жоспарланып отыр. Бұл Үржар ауданында іске қосылатын  құс фабрикасы .  Онда жылына 30 мың тонна ет өнідірілетін болады. 

Барлық жаңалықтар