• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның жергілікті полиция қызметкерлеріне 100 автокөлік сатып алу үшін 285 млн теңге бөлінді

ШҚО-ның жергілікті полиция қызметкерлеріне 100 автокөлік сатып алу үшін 285 млн теңге бөлінді

7 Сәуір, 2016 18:14
ШҚО-да облыстық бюджеттен учаскілік полиция қызметкерлеріне 100 автокөлік сатып алу үшін қаражат бөлінді. Бұның барлығы қоғамдық тәртіпте және қылмыстың жолын кесу бойынша жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге септігін тигізеді, деп облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» аралық нәтижелерін жүзеге асыруға арналған баспасөз-конференциясында айтты.

«Жаңа автокөлікті сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 285 млн теңге бөлінді. Бұл жергілікті полиция қызметкерлерінің  қоғамдық тәртіпте, қылмысты алдын алуда оперативті жұмыс жасауына көмектеседі»,-деді аймақ басшысы.

Әкімнің айтуы бойынша, ол сондай-ақ облыстың шалғай аудандарында полиция жұмысының ұтқырлығын арттырады.

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» екінші реформасы аясында сот жүйесін модернизациялау  және құқық қорғау органдарын бойынша аймақтарда өзгертулер жасалуда. Осы бағыт аясында жергілікті полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Барлық жаңалықтар