• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,6 млн адам еңбек етті – ҰЭМ

2015 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,6 млн адам еңбек етті – ҰЭМ

8 Сәуір, 2016 08:39
2015 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,6 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,6% жұмыспен қамтылды, деп хабарлады ҰЭМ Статситика комитеті.

Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,6 (4,4 млн. адам) – ерлер, 48,4% (4,2 млн. адам) – әйелдер.

«2015 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,3 млн. адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 73% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2,3 млн.адамды немесе 27% құрады», - делінген хабарламада.  

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 77,6% (2014 жылы – 70,5%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 22,4% (2014 жылы – 29,5%) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыссыз ішіндегі ерлердің үлесі 43,9%, әйелдердің үлесі – 56,1%.

15-28 жастағы¹⁾ жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,3% құрады. 

Барлық жаңалықтар