- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ австриялық көлік және логистика компанияларымен серіктестікті нығайтады
ҚТЖ австриялық көлік және логистика компанияларымен серіктестікті нығайтады
Семинарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Серік Төлебаев пен «KTZExpress» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде Қазақстандағы темір жол көлігін техникалық дамытудың негізгі бағыттарына арнады. Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртудағы көлік -логистикалық саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы әңгімеледі.
Айта кету керек, ҚТЖ мен австриялық компаниялардың серіктестігі 2003 жылдан басталады. Қазіргі таңда Қазақстан темір жолында австриялық техникалар табысты қолданылуда. Олардың ішінде жол тегістеу, түзету мен қалпына келтіруге арналған «Унимат», «Дуомат», «РМ» машиналары жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеулерге де пайдаланылады. Австрия қазіргі кезде темір жол саласындағы инновациялық техникаларды экспорттауда әлемде бесінші орын алады. Бұл технологиялар мен техникалардың ішінде жол құрылысын жүргізуге арналған техникалар, электр жетегі, алысқа қатынауға арналған вагондар, басқару жүйесі, қауіпсіздік пен коммуникация жүйелеріне арналған ноу-хау техникалары үлкен сұранысқа ие.
Семинар барысында Австрияның Қазақстандағы елшісі
Вольфганг Баняй, мен сауда атташесі Михаэль Мюллер сөз сөйледі. Шара аясында темір жол көлігі техникалары мен логистика саласындағы технологиялар мен өнімдердің тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Австриялық делегация мүшелері «Тұлпар-Тальго» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ кәсіпорындарымен танысты. Сондай-ақ, семинарға қатысқан шетелдік қонақтар Астанадағы жаңа көліктік-логистикалық орталық пен Темір жол көлігі персоналын бағалау мен дамыту орталығында болды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар