- Басты
- Сингапур ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүдделі
Сингапур ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүдделі

Сапар барысында Р. Жошыбаев Сингапур Республикасы Сыртқы істер аға мемлекеттік министрі Мухамад Малики Османмен, Сингапур Ұлттық туристік агенттер қауымдастығының президенті Дэвиндеро Ори, Сингапурда көрме өткізуге жауапты Сауда және индустрия министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ елдің іскерлік ортасымен кездесті., деп ҚР СІМ хабарлайды.
Сингапурдың сыртқы саясат ведомствосында алдағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша ой алмастырылды және сингапурлық жақтың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы талқыланды. Комиссар өзінің әңгімелесушісін Астанада өтетін көрмеге дайындық үрдісімен таныстырды. Өз кезегінде, М.Осман елінің халықаралық көрмеге қызығушылық танытқанын атап өтті және аталмыш оқиғаның барлық әлемге маңызды екендігін айтты.
Халықаралық көрмелерге жауап беретін Сингапурдың сауда және индустирия министрлігінде «ЭКСПО-2017» көрмесі таныстырылды. Кездесу кезінде 2007 жылдан бастап Сингапур «жасыл» энергетиканы өзекті дамытып келе жатқандығы айтылды және оның дамуына елдің бюджетінен 3,4 млрд АҚШ доллраы бөлінді. Бүгіндері бұл сала 18 мың жұмыс орындарын қамтамасыз етіп отыр. Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесі сингапурлық әзірлемелер және «жасыл» энергетика саласындағы технологияларды көрсету үшін үздік алаң болатынын келісті.
Туризм саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктері, сингапурлық туроператорларды ынтымақтастық жасауға тарту және елдер арасында тура авиахабарламаны ашу талқылаудың бір мәселесі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық комапния мен ҰТАҚ арасында туризм саласы бойынша ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
-
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай
-
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады
-
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі
-
Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі
-
Президент Әкімшілігі қоғамдық мемлекеттік емес ұйымдармен жұмысты жаңа сатыға шығаруға мүдделі - М.Әшімбаев
-
Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі
-
Қазақстан мен Словакия ЕҚЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі
-
Қазақстан-Корея: Мемлекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
-
Қазақстан мен Сингапур мемлекеттік қызметті реформалау тәжірибесімен алмасуда
-
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды
-
Оңтүстік Корея Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
-
Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
-
Қазақстан Чехиямен байланысты нығайтуға мүдделі
-
Қ.Бозымбаев Әбу-Дабиде инвесторларды ЖЭК аукциондарына қатысуға шақырды
-
Елбасы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың негізін ұсынып отыр – Кувейттегі Сингапур елшісі

