• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бір мемлекеттік органының ішінде қызметкердің басқа лауазымға байқаудан өтпей ауысып баруы 20 есеге қысқарды – ҚР МҚІМ

Бір мемлекеттік органының ішінде қызметкердің басқа лауазымға байқаудан өтпей ауысып баруы 20 есеге қысқарды – ҚР МҚІМ

7 Сәуір, 2016 13:01
Бір мемлекеттік органының ішінде қызметкердің басқа лауазымға байқаудан өтпей ауысуы 20 есеге қысқарды, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әли Көмекбаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

«Ауысып келу деген не? Ауысып келу – бұл бос орынға байқаусыз басқа мемлекеттік органнан ауыстыру арқылы қызметке ала алады деген сөз. Мысалы, біз бәріміз бір мемлекеттік органның қызметкерлеріміз, бір уақытта лауазымды орын босай қалады. Кейін тағы бір күні жиналыста әлгі орынға басқа мемлекеттік органнан немесе басқа аймақтан келген адам отырғанын білеміз. Яғни, байқаусыз ауысып келді»,-деді Ә.Көмекбаев.

Мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы 2013-ші жылы мемлекеттік органдар арасында мұндай ауысып келулерге тыйым салынғанын еске салды.

«Басқа мемлекеттік органнан келесі бір мемлекеттік органға ауысып бара алатын жағдай болған еді. 3 жыл бұрын мұндай ауысып келулер 50 есеге қысқартылды. Мемлекет басшысы да бұл жайтты сынаған болатын. Бұрын ауысудың осы түріне шектеу қойылса, енді мемлекеттік органның өз ішінде де ауысуға шектеулер қойылып отыр. Мұндай ауысулар бүгінгі таңда 20 есеге жетті»,-деп түсіндірді ол.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар