Н.Шимомура: Қазақстан БҰҰ ҚК мүшесі ретінде БҰҰ жүйесіне берері мол

7 Сәуір, 2016 12:51
БҰҰ Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің тікелей мүшесі болу шешімін қолдайды. ҚР-дағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура журнаслитерге «Қазақстан БҰҰ ҚК мүшесі ретінде БҰҰ жүйесіне берері мол» деп айтты.

«Қазақстан ұлттық деңгейде ауқымды жұмыс атқарды. Бес институциялық реформа, «100 нақты қадам» жүзеге асырды. Атап айтар болсақ, Президент Бас ассамблеяда өткен жылы сөз сөйлеген болатын,  БҰҰ деңгейінде қарастырылатын халықаралық бастамалар туралы сөз қозғады. Біз БҰҰ ретінде бұл идеяны қолдаймыз. Себебі Қазақстан бізге өзіндік тәжірибе беруі мүмкін. Мен Қазақстан өзіне қосымша  қызмет алуға ниетті екеніне өте қуаныштымын», - деді ол.

Журналистердің сөзіне жауап бере отырып Норимаса Шимомура Қазақстанның аз дамыған елдерге кедейлікті қысқарту және білім беруде көмек көрсету ниетін байқағанын жеткізді.

«Өткен жылы көшбасшылар БҰҰ Бас ассамблеясында кездесті. Ол кезде жаһандық дамудың жаңа күн тәртібі қабылданды. Бұл тұрақты дамудың жаңа мақсаттары. Олар қабылданды, жүзеге асыру  осы жылы басталып 2030 жылға дейін жалғасады. Дамудың 17 мақсаты бар. Бұл мақсатты барша әлем және Қазақстан да қабылдап отыр. Мен Қазақстанның бұл мақсаттарды қабылдап болашаққа  ұмтылғаны үшін өте қуаныштымын. Мәселен, ондай жаһандық мақсаттар, кедейлікті қысқарту, білім беру саласы әрбір елге келді. Бұл фундаментальді мақсаттан бұрын Қазақстан өзге елдерге осы мәселелер бойынша көмек көрсетуге әзір. Біз БҰҰ ретінде Қазақстанға аталмыш мақсаттарға жетуге көмек көрсетеміз», - деді ол.

Өз кезегінде Г.Әбдіқалықова Қазақстанның гендерлік теңдікке және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын жүйелі түрде кеңейтіп келе жатқанын атап өтті. Биыл наурыз айында қазақстандық делегацияның Нью-Йорктегі БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 60-шы сессиясына қатысуы – соның жарқын дәлелі.

Мемлекеттік хатшы кездесу соңында Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайту жолында Н.Шимомураға табыс тіледі. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар