• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: Қазақстан БҰҰДБ-мен ынтымақтастық саласындағы серіктестіктің дамуына мүдделі (ФОТО)

Г.Әбдіқалықова: Қазақстан БҰҰДБ-мен ынтымақтастық саласындағы серіктестіктің дамуына мүдделі (ФОТО)

7 Сәуір, 2016 12:24
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңадан тағайындалған БҰҰ-ның Қазақстандағы Резидент-Үйлестірушісі/БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомурамен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы БҰҰ өкілін жаңа қызметімен құттықтап, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның елімізге 2015 жылғы іссапарын жоғары бағалаймыз. Ол өте мазмұнды болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-мен өзара қарым-қатынасқа ерекше назар аударады. Жуырда ғана «Әлем - ХХІ ғасыр» манифесі жарияланды. Онда Мемлекет басшысы БҰҰ-ның әлемді қарусыздандыру мәселелеріндегі рөлін ерекше атап өтеді», - деді Г.Әбдіқалықова.

Ал Норимаса Шимомураның айтуынша, Қазақстанда ішкі, ұлттық деңгейдегі жұмыстарға бас мән берілген. «5 институционалдық реформа», «100 нақты қадам» мен басқа да көптеген реформалар жүзеге асырылып жатыр.

«Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық аренада да көп жұмыс атқарды. Бастамалар жеткілікті. Атап айтсақ, Президент былтырғы жылғы қыркүйекте өткен Бас ассамблеяда сөз сөйледі. Жиында Мемлекет басшысы БҰҰ деңгейінде қолдауға ие болған көптеген халықаралық бастамалар туралы айтқан болатын», - деді Н.Шимомура.

Барлық жаңалықтар