Қазақстанда «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша 313 тірек ауыл құрылады

19 Қараша, 2013 15:40
Бүгін ауыл,қала, аудан әкімдері қатысқан республикалық семинар-кеңесте «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша тірек ауылдарды дамыту бойынша таныстырылым өтті, деп BNews.kz хабарлады.

«Тірек ауылдар – бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жақсы бастамасы. Біз бүгін тірек ауылдарға байланысты жобаны таныстырамыз. Бізде 313 тірек ауыл болады. Ол аудандық орталықтардан бөлек экономикалық өсу орталығына айналады.Аталмыш жоба ауылдық қалдықтың санын азайтады, шағын және орта бизнестің дамуына өз септігін тигізеді», - деді Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, тірек ауыл мен елді-мекендердің 7 айырмашылығы бар. Тірек ауыл ауылдық немесе елді-мекеннің орталығы болуы керек. Дамыған инфрақұрылым мен инжинерлік өсуге ие. Тірек ауылдардың ара қашықтығы 50 шақырымнан жақын болмауы тиіс.

« Тірек ауыл кешені – бұл дамыған инфрақұрылымға ие, ол жақын арадағы ауылдардың барлығына әр түрлі қызмет көрсетуге қауқарлы болуы керек. Осындай ауыл тірек ауыл қатарына енбегеніне байланысты бірқатар  сын айтылған болатын. Біз бұл пікірді облыстармен 4 рет талқыладық. Тек қана содан кейін министрдің бұйрығына жіберіліп, Әділет министрлігіне тіркедік», - деді Серік Жұманғарин.

313 тірек ауылдың құрылымы  келер жылдан басталмақ. Ауылда ауқымды кәсіпорын болуы керек, мектеп, аурухананың сандары да қанағаттанарлық жағдайда болуы тиіс.

«Бұның барлығы 2014 жылдың бюджетіне жоспарланған. Бұл ауылдарда біз ең бірінші Жұмыспен қамту жағдайын қолданамыз. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша біздің министрлік 43 млрд теңге бөлген болатын. Бұл қаржы 100 пайыз игеріліп жатыр. Бұл дамудың ең негізгі жолдарының бірі», - деп түйіндеді С. Жұманғарин. 

Барлық жаңалықтар