• Басты
  • ҚР ҚК-нің ұшқыштары отандық тікұшақтарда ұшулар сыныптылығын арттырды (ФОТО)

ҚР ҚК-нің ұшқыштары отандық тікұшақтарда ұшулар сыныптылығын арттырды (ФОТО)

7 Сәуір, 2016 20:42
19132 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дағды мен біліктіліктің жоғары деңгейін растады. Өздерінің шеберліктерін ұшқыштар ЕС-145 отандық тікұшағында жауынгерлік даярлықты арттыру бойынша жиындарда паш етті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Аталмыш тікұшақ іздестіру-құтқару, басшылық құрамды тасымалдау, сондай-ақ десанттық-көліктік тасымалдау жұмыстарын орындайды. Ұшудың барынша биіктігі 5 000 метр», - деді ЕС-145 экипажының командирі лейтенант Дмитрий Якунев.

Әскери ұшқыштар әлемдегі ең заманауи тікұшақтардың бірі ЕС-145 тікұшағында ұшты. ЕС-145 қазақстандық  «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг»  зауытында құрастырылған. Бұл зауыттың өнімі «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде ұсынылатын болады.  Тікұшақ барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Шуыл деңгейі төмен, жоғары жылдамдық сипаттамасына ие.

«Бөліміміздегі оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл аптасына күндізгі және түнгі  3-4 ұшу ауысымы. Әскери қызметшілердің әуедегі орташа уақыты 5 сағатты құрайды. Жауынгерлік тапсырмаларды арттыру бойынша ұшу уақыты 8 сағатқа жетуі мүмкін», - деді авиациялық эскадрилья авиациялық буынының аға ұшқышы (19132 әскери бөлімі армиялық авиацияның) капитан Алексей Аляев.

Әскери авиация ұшқыштарының жұмысы адамның еңбек қызметінің анағұрлым күрделі түрлерінің біріне жатқызылады. Негізгі күрделілік – ол көрінушілік. Тікұшақтарымыз кез келген метеожағдайларда, тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында ұшуға арналған.

Мұндай оқу-жаттықтыру ұшулары әскери ұшқыштардың жауынгерлік және ұшу даярлығы жоғары деңгейде екендігінің тағы бір дәлелі. ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері барлық қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындайды және сыныптылықтарын арттырады.

Барлық жаңалықтар