• Басты
  • Ә. Исекешев: Қазақстан 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын кем дегенде 25% -ға төмендетуді жоспарлап отыр
7 Сәуір, 2016 11:08

Ә. Исекешев: Қазақстан 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын кем дегенде 25% -ға төмендетуді жоспарлап отыр

Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын кем дегенде 25% -ға төмендету жоспарда тұр, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыруға бағытталған халықаралық конференция барысында.
Ә. Исекешев: Қазақстан 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын кем дегенде 25% -ға төмендетуді  жоспарлап отыр

«Аймақтағы басқа посткеңестік елдердегі сияқты, бізде өнеркәсіп және ғимараттың құрылыс саласы көптеген жолдармен тиімді емес, сол себепті үлкен мемлекеттік жұмыстар атқарылады. Жаңа шындық бөлігі ретінде, энерготиімді экономика өнімділігі экономиканың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. ЭЫДҰ дамыған елдерінде көріп отырғанымыздай, электр қуатын қолдану өсуде, бірақ өндіріс есебінен өспейді, керісінше елдің электр қуатын үнемдеу саласында өсуде»,-деді министр.  

Ведомство басшысы айтып өткендей, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстанның Үкіметі дағдарыс жағдайында нақты экономикалық саясатты анықтады, сол себепті Қазақстан 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын кем дегенде 25% -ға төмендетуді  жоспарлап отыр.

Ә.Исекешевтың айтуы бойынша, халықаралық энергетикалық агенттіктер сарапшыларының ойына сәйкес, әлемде бастауыш энергиясы үшін жаһандық сұраныс күтілуде және ол 2030 жылға дейін үш есе ұлғайады, сол кезде электр үнемділігіне сұраныс 2/3 өседі.

Министрдің ойынша, бірінші кезекте ол Үндістан, Иран , Африка мен Азия елдерінің дамуы есебінен болады.

Айта кетейік, Астанада «Мемлекеттік секторда және шағын орта бизнесте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы жобаларға инвестицияларды тарту»  тақырыбында халықаралық конференция мен дөңгелек үстел өтуде, конференцияның негізгі аудиториясы ИДМ құзыретті қызметкерлері, Орталық Азия мен АҚШ елшілігіндегі USAID миссиясының өкілдері, өндіріс, энергетика саласының қызметкерлері.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар