- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті
Қазақстанда 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті
7 Сәуір, 2016 12:16
1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін), деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін.
“Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге)”, - делінген хабарламада.
Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса жәрдемақы алушылар тіркелген.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті