- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО Тұңғыш Президенттің Күніне орай 600 шара ұйымдастырмақ
ШҚО Тұңғыш Президенттің Күніне орай 600 шара ұйымдастырмақ
«Шығыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күніне орай тақырыптық онкүндік бастау алды. Оның аясында өңір бойынша 600-ге жуық қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған», - делінген хабарламада .
20 қараша күні Шемонаиха қаласында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір Отан, бір тіл - бір ел» форумы өтеді, оған елімізге атақты ағартушы-филолог, қоғам қайраткері Асылы Осман қатысады.
«Қарашаның 23-і күні еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Nazarbayev University делегациясы жергілікті университеттердің студенттерімен кездесіп, ШҚО ЖОО-мен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қояды. Атап өтер жайт, өзге облыстарға қарағанда Назарбаев Университетінде білім алып жүрген студенттердің ішінен шығысқазақстандықтардың саны ең көп», - деп хабарламада нақтыланған.
29 қараша күні «Назарбаев тану» ғылыми-сарапмалық орталықтың ашылуы көзделсе, 30 қарашада «Әлем назарындағы тұлға» тақырыбында облыс жастарының форумы өтпек. Оған Лондон олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова, Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен «Қазақстан Барысы- 2013» жарысынының жеңімпазы Айбек Нұғымаровтың қатысуы жоспарланған.
Айта кетерлігі, аймақ тұрғындарына «Президенттің сүйікті әндері» концерті ұсынылады.
Сондай-ақ, 4 желтоқсанда «Инвестициялар, инновация мен бизнес» атты аймақтық форум өткізіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары