- Басты
- Жаңалықтар
- А. Әйімбетов: Қазақстандықтардың білімі космонавтика дамуының негізгі құрамы болуы керек
А. Әйімбетов: Қазақстандықтардың білімі космонавтика дамуының негізгі құрамы болуы керек
Назарбаев зияткерлік мектебінде құрметті қонаққа оқу кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылды, оны шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстар көрмесімен таныстырды.
Ұшқыш-ғарышкерді 8 сынып оқушысы Ләззат Данаева әзірлеген электромагнитті толқынның көмегімен ғарыш аппараттарын ұшыру жөніндегі жобалар қызықтырды. Мектеп оқушысының айтуынша, мұндай технологиялардың болашағы зор, электромагнитті толқындарға қатысты жобалар экономикалық тұрғыдан ғана тиімді емес, сонымен қатар экологиялық жағынан қауіпсіз. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларының ғылыми жобаларымен танысқан Айдын Әйімбетов олардың білімі мен оқуға деген құлшынысына таңданысын білдірді.
“Ғарыш саласының потенциалы зор. Соңғы уақытта жер орбитасы маңында түрлі тәжірибелер жүргізіп қана қоймай, таяу 15-20 жылда айға ғарыштық сапарды жандандыру, планеталар арасында ұшу секілді мәселелер көтеріле бастады”, - деп атап өтті қазақстандық жастардың таланты мен білімі Қазақстандағы космонавтиканың дамуының негізгі құрамы болуы керектігін жеткізген Әйімбетов.
Балаларға болашақта табыстар тілеген ғарышкер-ұшқыш мәжіліс залында балалардың сұрақтарына жауап берді.
Назарбаев зияткерлік мектебінде болған Айдын Әйімбетов адам баласының ғарышты бағындыра бастауына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ғарыш апталығының ашылу салтанатына қатысты. Шара Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өтті. Айдын Әйімбетовтің пікірінше, мұндай шаралар заманауи космонавтиканың жетістіктерін паш ету үшін, демек, осы саланың одан әрі дамуы үшін қажет.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады