- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Мемлекеттік рәміздерді қолданғанда заң бұзушылықтарға жол беруге болмайды
Б.Сапарбаев: Мемлекеттік рәміздерді қолданғанда заң бұзушылықтарға жол беруге болмайды
Комиссия алдында Байғанин және Мәртөк аудандары әкімдіктерінің өкілдері, сонымен бірге Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Бегімбетов баяндама жасады.
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия мүшелері аталған аудандарда ондаған заң бұзушылық анықтапты. Мемлекеттік рәміздерді орналастыруда бекітілген стандарттар сақталмаған, қараңғы мезгілде мемлекеттік кәсіпорын ғимараттарында туға жарық түсіру тәртібі сақталмаған. Сонымен бірге, тексерілген бірқатар мекемелерге мемлекеттік рәміздердің сыртқы келбетіне қатысты ескерту жасалды, мемлекеттік рәміздердің сырты лас, тозығы жеткен болып шықты.
Білім беру нысандарындағы мемлекеттік рәміздерге қатысты сын-пікірлер айтылды. Жоғары оқу орындары мен колледждерде, сонымен қатар көптеген мектепте мемлекеттік рәміздерді орналастыру стандарты бұзылған.
“Мемлекеттік органдар тарапынан, әсіресе білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерге мұндай қарым-қатынасқа жол берілмеу керек. Балабақшалар мен мектептерде, жоғары оқу орындарында өскелең ұрпақтың бойында отанға, ту, елтаңба, әнұранға деген махаббат және патриоттық сезім қалыптастыру керек”, - деп ескертті Бердібек Сапарбаев.
Мұндай заң бұзушылықтар облыстың басқа аудандарында да кезігеді. Әкімнің айтуынша, мамыр айының алғашқы онкүндігіне дейін олқылықтардың орнын толтыру керек. Сонымен бірге, жауапты адамдарға 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық мемлекеттік рәмізді қолданыстағы стандартқа сәйкестендіру тапсырылды.
“ Біз үшін биыл ерекше жыл. Республика тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаймыз. Ақтөбе облысында осыған орай мемлекеттік рәміздер кеңінен қолданылатын жүздеген ауқымды шара өтеді. Біз мемлекеттік рәміздердің бекітілген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуіміз керек, мемлекеттік рәміздер мен оларды қолдану бойынша жұмыстарды күшейтуіміз керек”, - деді Бердібек Сапарбаев.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы