• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда өндірістік қуаттылықты қаладан Индустриалды аймаққа тасымалдау басталды

Алматыда өндірістік қуаттылықты қаладан Индустриалды аймаққа тасымалдау басталды

7 Сәуір, 2016 09:12
Алматы қаласының Алатау ауданының Индустриалды аймағында өнеркәсіптік аймақта жұмыс істеп тұрған өндірістерді көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде «Ырысты-АЭВРЗ» АҚ вагондарды өндіру мен жаңғырту зауытының құрылысы басталады.

«Ырысты-АЭВРЗ» АҚ мен Алмат қ. Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқарамасы арасындағы қол қойылған Меморандумға сәйкес, зауытқа жер учаскесі беріледі, деп қала әкімдігі хабарлайды.  

Айта кетейік, кәсіпорындарды аудару қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Ырысты-АЭВРЗ» АҚ инфрақұрылымдық ресурстарының, коммуналдық қызмет және электрэнергиясының  шығындарын азайтуға мүмкіндік туады.

Зауыттың Индустриалды аймаққа ауысуы «Алматы - 2020» «Орталық қала» даму бағдарламасының басымдылығына сәйкес өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар