• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей Президенттері еуразиялық интеграция мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей Президенттері еуразиялық интеграция мәселелерін талқылады

6 Сәуір, 2016 16:48
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Таулы Қарабақтағы қазіргі ахуалға айрықша назар аударылды. Мемлекеттер басшылары қақтығысушы тараптарды оқ атуды доғару режімін қамтамасыз етуге және бейбіт келіссөзді қайта қалпына келтіруге шақырды.

Қазақстан Президентінің Брюссельде және Вашингтонда өткен келіссөздеріне орай Украинадағы ахуалды реттеуге байланысты пікір алмасылды.

Сондай-ақ еуразиялық интеграция, атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада өткізу жоспарланып отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы әңгімелесуге Ресей жағы бастамашы болды. 

 

 

Барлық жаңалықтар