Э.Боев: «Әлем. XXI ғасыр» манифесті ауқымды гуманистік мағынаға ие

6 Сәуір, 2016 17:04
Елбасы ұсынып отырған тұрақты әлемнің географиясы халықаралық қарусызданудың әскери активизациядан бас тарту негізіне бекітілген. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Ирантілді халықтардың конгрессі» қоғамдық ұйымының төрағасы Эрадж Боев мәлімдеді.

« Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесті бірқатар өзекті мәсееллерден тұрады, олар жаһандық мәселеге назар аудартуға бағытталған. Манифест аталмыш проблемаларды шешуге нақты жолдарды ұсынып отыр. Елбасының әлемдің бейбітшілікті құруға жаһан елдерінің қатысуы негізінде бейбіт  диалог пен қауіпсіздік үшін жауапкершілік жатыр», - деді шетелдік сарапшы.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы халықыралық форумын жоғары деңгейде өткізу бастамасын бей жай қалдыруға болмайды.

«Халықаралық проблеманы шешу ретінде соғыстан мүлдем бас тарту әлемдік қауіпсіздіктің басты мақсаты болып табылады. Тұрақты әлемнің географиясы халықаралық қарусызданудың әскери активизациядан бас тарту негізіне бекітілген.Манифест ауқымды гуманистік мағынаға ие. Ол 2016 жылы БҰҰ халықаралық форумын  жоғары деңгейде өткізуде аса үлкен мәнге ие болып отыр», - деді Э.Боев.

Данияр Қасымов

 

Барлық жаңалықтар