• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2010 жылдан бастап Қазақстанда ылғал сақтаушы технологияны пайдалану есебінен астық дақылдарының аумағы 1,4 млн гектарға ұлғайды

2010 жылдан бастап Қазақстанда ылғал сақтаушы технологияны пайдалану есебінен астық дақылдарының аумағы 1,4 млн гектарға ұлғайды

6 Сәуір, 2016 16:43
Соңғы 5 жыл ішінде ылғал сақтаушы технологияны пайдалану есебінен астық дақылдарының аумағы 1,4 млн гектарға ұлғайды және 2015 жылы 12,6 млн гектарды құрады, деп АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры Ажар Қажыбекова ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында хабарлайды.

 

«Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы талаптарының бірі ресурстарды сақтау және барынша экологиялық қауіпсіздік болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан топырақ құнарлылығының өсуіне, өнімділігін арттыру және өсімдік шаруашылығы өсуіне және қоршаған ортаны сақтауға жәрдемдесетін ылғал сақтаушы технологияларды енгізуді үлкен назарға алады»,-деді ол.

Сонымен қатар, департамент директорының айтуынша, аталған технологияға көшу өндірістік еңбекті жоғарылатуға, еңбек және технологиялар қажеттілігін төмендетуге, егістік жұмыстарын қысқартуға, ауыл шаруашылығы кірістерін өсіруге, ауыл жұмыскерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға септігін тигізеді.

«Соңғы жылдары ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалануда оң динамика бақылануда. Соңғы 5 жыл ішінде ылғал сақтаушы технологияны пайдалану есебінен астық дақылдарының аумағы 1,4 млн гектарға ұлғайды және 2015 жылы 12,6 млн гектарды құрады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар