• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Тоғжанов: ҚХА депутаттық топ жұмысы – бұл партияаралық диалогтың бірегей үлгісі

Е.Тоғжанов: ҚХА депутаттық топ жұмысы – бұл партияаралық диалогтың бірегей үлгісі

6 Сәуір, 2016 16:39
ҚР Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың жұмыс отырысы болды. Отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының жұмысын жалғастыру туралы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың бастамасы қолдау тапты.

«ҚХА депутаттық жұмыс тобы – бұл әлемдік парламентаризм тәжірибесінде баламасы жоқ партияаралық диалогтың бірегей үлгісі. Барлық партия өкілдері саяси көзқарастары мен  пікірлеріне қарамастан Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен қоғамдық бірлік моделін іске асыру үшін, қазақстандық бірлік пен біртектілік мақсатында ҚХА депутаттық тобына бірігеді»,-деді Ассмблея Төрағасының орынбасары.

Отырысқа қатысушылардың ұсынысы бойынша депутаттық топтың құрамының үміткерлер бекітілді. Оған ҚР Мәжілісінің 31 депутаты кіреді: ҚХА-нан 9 депутат, «Нұр Отан» партиясынан 17, ҚХКП-нан 3, «Ақжол» партиясынан 2 депутат.

Депутаттық топтың жетекшісі ретінде Сауытбек Әбдірахманов таңдалса, оның орынбасары болып Юрий Тимошенко, топ хатшысы ретінде Наталья Жумадильдаева сайланды.

Барлық жаңалықтар