- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өндірістің торпедалары ұсынылады
«KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өндірістің торпедалары ұсынылады
Кәсіпорынмен әзірленген және дайындалған өздігінен бағытталатын торпедалар суасты қайықтар мен корабльдерді жарақтандыру үшін арналған. Қарсыластың кемелерін жою үшін, сондай-ақ жағалық объектілерге қарсы пайдаланылады. Қазақстандық зауытпен өндірілетін өнім қазіргі заманғы тактика-техникалық сипаттамаларға сай келеді және жеке әзірлеменің инновациялық технологияларын қамтиды.
Отынның компоненттері ретінде ұдайы жылдамдықпен және жүрістің қашықтығымен қозғалыстың ұшты-күйлілігін қамтамасыз ететін торпедада керосин, оттегі және тұзды су қолданылады. Мамандардың айтуынша, өзінің қасиеттері бойынша торпеданы Калашниковтың автоматымен салыстырмалы түрде қарауға болады. Ол қолданылуда берік, торпедалық аппараттар мен тасығыштың сөрелерінде, сондай-ақ арсеналдар жағдайында ұзақ сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
С.М. Киров атындағы зауыттың негізгі мамандандырылуы ол жобалау, теңіз суасты қаруды, теміржолдың жылжымалы құрамын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығы үшін азаматтық өнім мен жоғары технологиялық бұйымдарды шығару екенін айта кетейік. «KADEX» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі Астанада ағымдағы жылдың маусымында өтетінін естеріңізге сала кетейік.
Дәстүрлі түрде аталмыш көрмеде әскери техниканы өндірумен айналысатын әлемнің әртүрлі елдерінің кәсіпорындары бас қосады. Қазақстандық зауыттар үшін бұл өз өнімін көрсетуге және оны әлемдік деңгейге шығару үшін жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Сондай-ақ еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, демек, Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету және өрістету үшін де жаңа мүмкіндіктер болмақ.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды