АШМ: Биыл ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күреске 4,6 млрд теңге бөлінеді

6 Сәуір, 2016 16:31
Биыл ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күреске 4,6 млрд теңге бөлінеді . деді ОКҚ-да АШМ Өсімдік шаруашылығын өңдеу және өндіріс департаментінің директоры Ажар Қажыбекова.

«Облыс әкімдіктерінің алдын-ала деректері бойынша 2016 жылы ауылшаруашылығы дақылдарын 21,6 млн. га алқапта орналастыру жоспарлануда. Дәнді дақылдар 15,2 млн. га, майлы дақылдар – 1,9 млн. га, мал азықтық дақылдар – 4 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 411 мың га алқапта орналастырылатын болады. Кейбір аймақтарда тұқымның жетіспеушілігі облысаралық және облыс ішіндегі алмастыру есебінен толықтырылатын болады», - деді ол.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктер және «Казагро» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді.

Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуға 26,3 млрд. теңге бағытталады, бұл  қаржы 291 мың тонна минералды тыңайтқыштарды және 12,6 млн. литр гербицидтерді жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, аса зиянды организмдермен күресті жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар