- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 60 гектар жерге жылыжай кешені салынады
Алматы облысында 60 гектар жерге жылыжай кешені салынады
“Алматы қаласында өткен кездесу барысында Алматы облысы әкімдігі мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі, «Green Land Alatau» серіктестігі арасында меморандумға қол қойылды. Жылыжай құрылысы жобасы Мемлекет басшысының импорт алмасуды дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілуде”, - делінген хабарламада.
Өндірістік жылыжай - Қазақстандағы жабық топырақта көкөніс өсіруге бағытталған ірі ауыл шаруашылығы жобасы. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы сомасы 75 млрд. теңге көлемінде. Жобаның жүзеге асырылу уақыты: 2016 – 2022 жылдар. Жобаны бірнеше кезеңмен іске қосу көзделіп отыр. Бірінші кезеңде аумағы 20 га, өндірістік қуаты жылына 15 мың тонна томат өндіретін өндірістік жылыжай салынып, 260 жұмыс орны ашылмақ. Жылыжайдың бірінші кезеңі құрылысының құны 25 млрд. теңге. Оны іске қосу уақыты 2017 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.
Жоба Алматы облыстық әкімдігі мен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асуда. Бұл ресейлік «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі мен қазақстандық «Green Land Alatau» ЖШС-ның бірлескен алғашқы жобасы болып отыр.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді