• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қытай Қазақстаннан жыл сайынғы майлы дақылдарды сатып алу көлемін арттыруға ниетті

Қытай Қазақстаннан жыл сайынғы майлы дақылдарды сатып алу көлемін арттыруға ниетті

6 Сәуір, 2016 16:12
Қазақстандағы майлы дақылдар егетін алқаптардың артуы шетелдік инвестлорлардың қызығушылығын тудырды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу департаментінің директоры Ажар Қажыбекова.

«Қазақстандағы майлы дақылдар егетін алқаптардың артуы шетелдік инвестлорлардың қызығушылығын тудырды. Бүгінгі таңда солтүстік аймақта майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізу жоспарлануда»,-деді ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек оның айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Синома» мемлекеттік ірі корпорациямен Қытайға импорт жеткізу бойынша бірлесіп әрекет ету жоспарына қол қойылды.

«Биыл корпорация Қазақстаннан Қытайға майлы дақылдардың шикізатын импорттауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, өсімдік майлары да бар. Осы күнге дейін 2 тонна өсімдік майы Қытайға экспортталған. Болашақта жыл сайынғы сатылымды 200 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда»,-деді А.Қажыбекова.

Барлық жаңалықтар