• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР АШМ 45 млрд теңгені ауыл шаруашылығы шығындарын субсидиялауға бағыттайды

ҚР АШМ 45 млрд теңгені ауыл шаруашылығы шығындарын субсидиялауға бағыттайды

6 Сәуір, 2016 16:05
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі 45 млрд теңгені ауыл шаруашылығы шығындарын субсидиялауға бағыттайды, сонынмен бірге ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға, деп ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры Ажар Қажыбекова ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында хабарлайды.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын уақтылы егу үшін ауыл шаруашылық техникасын жаңарту қажет. Осыған орай, техниканы алу үшін министрлікпен осы жылы ауыл шаруашылық техникасын субсидиялау және  25% құнына дейін шығындарын өтеу жоспарланған»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, аталмыш бағдарлама ынталандырылмаған қаржының қысқартылуы арқылы қаржыланатын болады.

«Босатылған қаражаттар – ол шамамен 45 млрд теңге – ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығындарын өтеуге жұмылдырылады, сондай-ақ ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар