- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Исекешев: «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасы елдің өмір сүру сапасын арттырады
Ә.Исекешев: «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасы елдің өмір сүру сапасын арттырады
«Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі бұған дейінгі «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасының негізінде мемлекеттік органдар және сарапшылармен бірлесе әзірлеуде.
Тұсаукесерде Әсет Исекешев бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асырудың перспективалары және жоспарлары туралы айтты. Жоғары технологиялы сандық инфрақұрылым құру үшін 2020 жылға дейін кеңжолақты интернетпен 90% қамту, технологияны және ғылыми инфрақұрылымды дамыту (Cloud/Mobile, Big Data), электрондық төлемдер инфрақұрылымын дамыту, ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, мемлекеттік қызметтер мен міндеттерді автоматтандыру жоспарланып отыр.
Сонымен бірге сандық теңсіздікті төмендету, стандарттар мен ІТ-мамандар әзірлеу бағдарламасын қайта қарау, ЖОО мен бизнестің кооперациясын күшейту, қашықтан білім беруді дамыту қажет.
Белсенді сандық үкіметті құру электрондық үкіметті одан әрі дамытуға және «ашық үкіметті» әзірлеуге, меморгандардың біртұтас сәулетін және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша «бір терезені» әзірлеуге мүмкіндік береді. Бүгінде сандық индустрияны дамыту үшін Smart City және сандық ШОК жобаларына қолдау көрсетілуде.
«Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасының негізгі миссиясы экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған сандық тұғырнамасын әзірлеу. Біз ІТ-секторы өкілдерінің және АКТ саласындағы сарапшылардың, бағдарламаны әзірлеу бойынша талқылауға қатысушылардың ұсыныстарын міндетті түрде ескеретін боламыз» - деп, атап өтті министр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе