• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Омаров: Қазақстан әлемде бейбітшіліктің нығаюына тағы бір маңызды үлес қосты

К.Омаров: Қазақстан әлемде бейбітшіліктің нығаюына тағы бір маңызды үлес қосты

6 Сәуір, 2016 14:49
Нұрсұлтан Назарбаевтың Манифестінде әлемдік қауіпсіздік көрініс өте дәл суреттелген. Бұдан бөлек, қауіптің қайдан келетінін нақты көрсетеді. Құжатта БҰҰ алдыңғы шепке қойылады және бұл халықаралық ұйымның шешімін күткен әлемдік мәселеде рөлінің күшті болуы маңызды екені айтылады. Өйткені, бұл ұйымның барлық мүшелеріне әлем елдерінің биік мінберлері ашық. Бұл туралы Strategy2050.kz АА-не эксклюзивті сұхбат берген саяси шолушы Кавказ Омаров (Әзірбайжан) айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифестін дүниежүзілік немесе континентті соғыс қаупін төндіретін жергілікті және жаппай қарулы қақтығыстарды болдырмау жолындағы өте маңызды концепция деп есептеуге болады. Бұл бағдарламада біздің ғаламшардың ядролық қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Бұл әлемдік державалардың жыл сайын көптеген елдерді отпен және қантөгісті соғыспен шарпып әлемге үстемдік етуге таласып тұрған кезеңде өте маңызды мәселе. Мейірімсіз соғыс пен шиеленіс бақылаусыз үкіметтің үлкен территориясында террорлық ұйымдардың күшеюіне әкеп соғатыны шындық. Олар өздерінің жазаланбайтынын біліп, құрған қылмыстық жоспарларын іске асырады. Сосын бұл территорияда заңсыз қару саудасы, есірткі мен құл саудасы салтанат құрады. Бұл террористік топтар осындай қылмыстық әрекетпен миллиардтаған доллар тауып, жүйелерін кеңейтеді. Тіпті, бүтін бір мемлекетке шабуыл жасайды. Сондай-ақ, барлық әлем бойынша теракты ұйымдастырып, жаңа мүшелер жинайды және жеке медиа ресуртар құрады. Бұл жақын болашақта әлемді өте үлкен қауіптің алдына қоюы мүмкін. Қазақстан көшбасшысының Манифесті – барлық әлем бойынша туындап отырған қазіргі мәселеге  қарсы тұратын өте дұрыс нұсқа»,-деп атап өтті шетелдік сарапшы.

Оның айтуынша, аталмыш Манифестті қабылдау арқылы Қазақстан әлемде бейбітшіліктің нығаюына тағы бір маңызды үлес қосты.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Манифестінде әлемдік қауіпсіздік көрініс өте дәл суреттелген. Бұдан бөлек, қауіптің қайдан келетінін нақты көрсетеді. Құжатта БҰҰ алдыңғы шепке қойылады және бұл халықаралық ұйымның шешімін күткен әлемдік мәселеде рөлінің күшті болуы маңызды екені айтылады. Өйткені, бұл ұйымның барлық мүшелеріне әлем елдерінің биік мінберлері ашық. Қазіргі жағдай адамзат үшін өте күрделі. Соғыстар заңсыздыққа әкеп соқтырады. Қаншама халықтың әлемнің екінші шетіне жер ауып, қиыншылық тартады. Сонымен қатар, жаһандық экономикалық дағдарысқа, азық-түлік тапшылығына, соңынды аштыққа ұшыратады. Бұл мәселелерді тек қоғам болып, әлемнің барлық елдерін үйлестіре отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Манифестіндегідей бейбіт жолмен шешуге болады»,- деп нақтылады К.Омаров.

Данияр Касымов

Барлық жаңалықтар