Жамбыл облысында шырын тазалайтын цех қайта жаңғыртылуда

6 Сәуір, 2016 20:43
Жамбыл облысында шырын тазалайтын цех қайта жаңғыртылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Меркі ауданының әкімі Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы айтты.

«Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС-ң Меркі филиалы 2016 жылдың ІІ-тоқсанында кәсіпорынның  шырын тазалайтын цехын қайта жаңғыртуды жоспарлауда. Кaмерлық фильтр-пресс КФ-1200 тәулігіне 250 тонна шикізат шырынын мехaникалық қоспалардан, ластанған сұйықтықтардан тазалайды және кірлерді залалсыздандырады. Жоба құны 664 млн. теңге. Жобаны іске қосылу мерзімі 2016 жылдың 10 сәуіріне жоспарлануда, жаңа 18 жұмыс орны ашылады деп күтілуде»,- деп айтты аудан әкімі.

 

Барлық жаңалықтар