• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-шы жылдың ортасына қарай Астанада ескі үйде тұратын 805 отбасын жаңа баспанаға қоныстандыру жоспарланып отыр

2016-шы жылдың ортасына қарай Астанада ескі үйде тұратын 805 отбасын жаңа баспанаға қоныстандыру жоспарланып отыр

6 Сәуір, 2016 13:39
2016-шы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін апатты жағдайдағы ескі үйлерде тұрып жатқан 805 отбасыны жаңа тұрғын үйге көшіру жоспарланып отыр. Биыл 112 үй сүрілетін болады. Бұл туралы Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасының бастығы Әлихан Қуатбеков пресс-тур барысында журналистерге хабарлады.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, ескі үйлерді сүру пилоттық жобасының аясында 71 ескі үйде тұрып жатқан 957 отбасы Астанадан жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Осы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін тағы 805 отбасыны көшіру жоспарлануда. Қалған 157 апатты жағдайдағы ұйлерде тұратын 2 483 отбасыны 2017 жылдың соңына дейін көшіру туралы арнайы кесте жасалған.

«Аталмыш пилоттық жобаға сәйкес, Астананың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй қорына сараптама жасады. Нәтижесінде 2017-ші жылдың соңына дейін сүрілуі тиіс 228 көппәтерлі тұрғын үйлерді анықтады»,-деді Ә.Қуатбеков.

Түсіндірулері бойынша, қоныстанушылардың ешқандай да қаржы салуы талап етілмейді. Жобаны жүзеге асыруға «Елорда даму» ЖШС уәкілетті ұйымы таңдалған. Ол несиелік қаржы есебінен жобалау мен тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізеді.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңі 2017-ші жылдың соңына дейін есептелген. Апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүрудің екінші кезеңі 2018-ден 2020-шы жылға дейін жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар